Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тағайындалды

2020 жылдың 12 тамыз 2020 13:48

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы болып Ерғали Сыдыманов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бұған дейін Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Ерғали Жақсыбекұлы 1970 жылдың 7 сәуірінде Қарағанды облысы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1996 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2004 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін дәрігер-гигиенист, эпидемиолог және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін бітіріп, Денсаулық сақтау магистрі атағын алды.

Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл қаласында жедел жәрдем бөлімінің санитары болып бастаған. Кейін Жамбыл облысы Коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

1999 жылы Атырау қаласы бас дәрігерінің СЭС орынбасары болып тағайындалды. 2000 жылы Атырау қалалық санитарлық эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері қызметінде болды.

2003 жылы Талдықорған қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы,

2005-2019 жылдар аралығында - Алматы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы.

2019 – 2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Манғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болған.

Марапаттары:

«ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,

«ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»

«ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» белгілерімен.

«Үздік мемлекеттік қызметші төсбелгісі» 2020 жыл


Жоғары қарай