Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Қосағаш ауылында жаңа мектеп ашылды

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 19:52

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округіне қарасты Қосағаш ауылында 80 орындық мектеп ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қосағаш орта мектебінің құрылысы 2019 жылдың сәуірінде басталған болатын. Жоба құны – 700 млн теңгені құрады. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінді.

Мектеп толығымен заманауи құралдармен жабдықталған. Әр кабинетте әр мұғалімнің алдында компьютер бар. Одан бөлек, компьютер сыныбы, қыздар мен ұл балаларға арналған шеберхана және лаборатория кабинеттері бар.

«Бүгін көптен күткен мектептің ашылуы болып жатыр. Ауылымызда жаңа мектеп бой көтерді. Оқушылар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Бұрынғы мектептің жағдайы нашар болған. Енді мұғалімдер жаңа компьютерлік сыныпта, интерактивті тақтамен сабақ беретін болады», - деді Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бахтиярова.

Жаңа мектеп 38 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтиды. Оның 29-ы ұстаздар қауымы.

Айта кетейік, Кербұлақ ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Сарыбастау орта мектебі және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Сарыбұлақ орта мектебі күрделі жөндеуден өтуде.


Жоғары қарай