Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының перинаталдық орталығына 16 дана реанимациялық құрал-жабдық сыйға берілді

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 02:32

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Аяла» қайырымдылық қоры Талдықорғандағы перинаталдық орталыққа 16 дана реанимациялық жабдық тарту етті. Қайырымдылық шарасы «Өмір сыйлайық» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медициналық мекеме 16 бірлік медициналық техника алды. Атап айтқанда 1 ашық реанимациялық жүйе, 5 фетальды монитор және 10 фототерапия шамдары бар.

Құрылғылар қордың тұрақты демеушілері мен қарапайым халықтың жинаған қаржысы, сондай-ақ белгілі бір мерзім ішінде ұйымдастырылған арнайы акция барысында жиналған қаражатқа алынды.

«Біздің басты міндетіміз - әрбір отбасының дені сау балалы болуына көмектесу. Сондықтан біз емдеу жұмыстарын орталықтың қабырғасындағы барлық босанудың аман-есен өтуіне және барлық балалардың дені сау тууына бағыттаймыз. Біз реанимация бөліміне құрал-жабдықтар сатып алуға көмектескен «AYALA« қорына және барлық қазақстандықтарға алғысымызды білдіреміз. Заманауи медициналық технологиялар біздің мамандарға жаңа туған нәрестелерге сапалы көмек көрсетуге, сондай-ақ перинаталдық шығындар мен бала кезден бастап мүгедектік қаупін азайтуға көмектеседі», - деп атап өтті Алматы облысы Перинаталдық орталығының директоры Қанат Қалиқанұлы Жұмашев.

Жоғары қарай