Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының полициясы бутиктің үш қызметкерін пышақтаған күдіктіні іздестіруде

2020 жылдың 29 қазан 2020 03:27

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы 3 адамға пышақ жарақатын салған 25 жастағы жігітті бес жылдан бері іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың сәуір айында Қарасай аудандық полиция бөліміне Алматы-Бішкек тасжолында орналасқан ірі сауда орталығының қызметкерлерінен хабарлама түскен. Анықталғандай, спорттық тауарлар бутигіндегі заттарды қолды қылған ұрылар өздерін ұстамақ болған бутиктің үш қызметкеріне пышақ жарақатын салған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық), 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркелген.

Сол уақытта өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмысты жасады деген айыппен күдіктілердің бірін – 19 жастағы студентті ұстады. Ол кінәсін толық мойындаған.

Ал екінші күдіктіні іздестіру жұмыстары осы күнге дейін жалғасуда. Оқанов Дидарбек Әсембекұлы өздерін ұстауға тырысқан үш адамға пышақ жарақатын салған. Ол 1995 жылдың 19 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында туған.

Полицейлер оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие азаматтардан 8 (7282) 60-82-33, 60-82-32 немесе 8 705-110-55-57 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.


Жоғары қарай