Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Шонжы ауылы карантинге жабылды

2020 жылдың 27 қараша 2020 20:39

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында карантиндік шаралар күшейтілді. Ұйғыр аудандық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен елді мекенге кіретін жолдарға блокпостар қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы бір аптада бұл ауылда коронавирус жұқтырудың 21 жағдайы тіркелген. Шонжыға енді тек осы ауылда тіркелген тұрғындар, жұмыс істейтіндер мен маңызды қызметтердің өкілдері ғана кіре алады.

«Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу және Ұйғыр ауданы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында аудан орталығы - Шонжы ауылының кіреберіс жерлеріне 4 блокпост қойылды. Бұған аймақта коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуы себеп.

Бүгінде Шонжы ауылының 21 тұрғынынан вирус анықталды. Олармен қарым-қатынаста болғандар үй жағдайында оқшауланып, індет ошағы залалсыздандырылды. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты әкімшілік аумақ бақылауға алынды. Тәртіп сақшылары мен дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын тексеріп, сауалнама жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде», - делінген Алматы облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Қазіргі уақытта төрт блокпост өз жұмысын бастады.

Бір ескеретін жәйт, аудан аумағындағы ыстық су көздеріндегі туристік нысандар барлық санитарлық талаптармен жұмысын жалғастыра бермек.


Жоғары қарай