Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Алматы облысының тауларынан есірткі жинаған тұрғын ұсталды

2019 жылдың 23 шілде 2019 17:25

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының тауларынан есірткі жинаған тұрғын ұсталды. Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшін жинағанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы іс-шара барысында Кеген ауданындағы «Торайғыр» тауында есірткі жинап жүрген 49 жастағы азамат ұсталды. Оның иық дорбасынан 3 келіге жуық марихуана тәркіленді. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында күдіктінің Қапшағай қаласының тұрғыны екені және бұған дейін осыған ұқсас әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды. Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшін жинағанын жеткізді. Қазіргі уақытта ол мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес тәртіп сақшылары жыл басынан бері заңсыз айналымнан 350 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген. Оның ішінде марихуана, гашиш және героин бар.

Жоғары қарай