Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкінінің қаупі басым

2021 жылдың 16 ақпан 2021 14:37

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкінінің қаупі басым, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде биыл қар қалың жауып, соңғы күндері күн күрт жылынып кетті. Апатты жағдай болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар қызметкерлері «Қазселден қорғау» мекемесі мамандарымен Іле және Жоңғар Алатау сілемдеріне аэровизуалды бақылау жүргізді.

Зерттеу барысында қар жамылғысы тұрақсыз екені анықталды. Таулы аймақта қар қалыңдығы 80 сантиметрге жеткен. Құтқарушылардың айтуынша елді-мекендерге тікелей келер қауіп жоқ. Алайда ауа температурасының көтерілуіне байланысты ақпан айының соңына дейін қар көшкіні жүруі мүмкін.

Тікұшақпен бақылау кезінде тау бөктерінде бірнеше жерде өздігінен қар көшкінінің жүруі тіркелді. Мамандар тұрғындарға тауға шығып, шаңғымен сырғанамауға кеңес береді.

«Зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі уақытта таулы жерлерде қар жамылғысы тұрақсыз, елді мекендерге көшкіннен тікелей қауіп жоқ. Өзен арналарында сең кептелісі байқалмайды. «Қазгидромет» болжамы бойынша ауа температурасының көтерілуіне байланысты ақпан айының соңына дейін көшкін қаупі сақталады»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Жоғары қарай