Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 25 қараша 2020 13:00

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков келді. В ице-министр Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірқатар бөлімшесін аралап, техникалық база, авариялық-құтқару жұмысын жүргізу дайындығы , ТЖ алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Қапшағай құтқару бөлімшесіне сапары барысында ол биыл жергілікті бюджет есебінен сатып алынған «Славир-9У» су жастықшасы бар кеме» бірегей техникасының тиімділігін атап өтті. Бұл техника су бетінде де, мұзда авариялық-құтқару жүргізуге арналған.











ТЖ вице-министрі облыс орталығы Талдықорған қаласына келгеннен кейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа департаменттің жаңа басшыны таныстырды. Сондай-ақ оны бейнеконференциялық байланыс арқылы ТЖД жеке құрамына таныстырды.

Алматы облысы ТЖД бастығы болып Асқар Тойшыбеков тағайындалды. Бұған дейін Асқар Тасболатұлы Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған. Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Облыс әкімімен кездесу барысында Марат Күлдіков облыс әкімдігі тарапынан ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне қажетті барлық заманауи техника мен жабдықты сатып алу, сондай-ақ Кеген ауданының Кеген ауылында және Райымбек ауданының Нарынқол ауылында 2 өрт сөндіру депосының құрылысы бойынша көрсетіп жатқан материалдық қолдауды атап өтті.

Вице-министр ТЖД бастығының алдына алдағы кезеңге, атап айтқанда табиғи және техногендік сипаттағы түрлі ТЖ алдын алу және санын азайту бойынша нақты міндеттер қойды.








Жоғары қарай