Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Алматы облысының тұрғындары жеке сектордағы жаяу жол арқылы үйіне жетпек болған

2020 жылдың 31 наурыз 2020 13:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаладағы №14 бақылау-өткізу пунктінде қызметте тұрған тәртіп сақшылары екі жаяу құқықбұзушыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысының тұрғындары Үлкен Алматы каналы бойымен, Құлжа трассасынан төмен түсіп, жеке сектордың соқпақ жолымен үйлеріне жетпек болған.

Жастар қаладан шығуға тыйым салынғанына қарамастан, төтенше жағдайдың ережелерін бұзды, сол үшін олар, ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

«Бұл Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін жасалуда. Біз бірге жұқпалы індеттің таралуын болдырмауға міндеттіміз, бұл үшін төтенше жағдай ережелерін және санитарлық-гигиеналық сипаттағы мамандардың ұсыныстарын қатаң сақтауымыз керек», - деп Алматы полициясы азаматтарды тәртіпке және заңға бағынуға шақырады.

Еске салайық, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілген болатын.


Жоғары қарай