Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматы облысының тұрғыны бақшасында тамшылатып суару арқылы қара сора өсірген

2020 жылдың 23 мамыр 2020 14:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бақшасына бір мың түп қара сора еккен Қарасай ауданындағы Қолды ауылының жергілікті тұрғыны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еліміздің өңтүстік өңірінде күн жылына бастағанда есірткі өсімдіктерін өсіруге деген әрекеттер қолға алына бастайды. Алматы облысының есірткі полицейлері бақшасындағы жер телімінде 1 259 түп қара сора еккен, Қарасай ауданы Қолды ауылының жергілікті тұрғынын анықтады», делінген хабарламада.

Заңсыз плантацияда өсімдікті қоректендіру және тамшылатып суару әдісі қолданылған. Қара сораның көршілеріне көрсетпеу үшінол 2 метрлік қоршаумен қоршалған.

«Ұсталған адамның үйіне және қорасын тінту барысында кептірілген марихуана салынған үш пакет, сондай-ақ қара сора дәні бар пакеттер табылды. Қара сора өсірілген плантация жойылды», делінген хабарламада.


Кінәлі тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы «Құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл салып, түзету жұмыстарына жіберу, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе айыру жазасы берілуі мүмкін.


Жоғары қарай