Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Ұйғыр ауданында мектеп директоры асылып қалды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 13:43

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ұйғыр ауданында мектеп директоры асылып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі растады. 1975 жылғы ер адам өз үйінде асылып қалған.

«Азизжан Турсунович Дараев 2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін Үлкен Ақсу ауылындағы Ғ.Садвакасов атындағы орта мектептің директоры болып жұмыс істеген. Үйленген, отбасы бар»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Марқұмның артында үш баласы, жұбайы қалды.

Екі баласы студент, бір баласы мектепте оқиды.

«Бүгінгі күні Ұйғыр аудандық полиция бөлімінде орын алған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай