Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылдың 15 мамыр 2021 11:30

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрлан Ертасұлы Ертас Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Ертасұлы 1980 жылы туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын «MotoLink» ЖШС бастығы болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Жамбыл ауданы Теміржол, Мыңбаев селолық округтерінің әкімі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2015 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болды.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Бағдат Әлиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жамбыл ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

Жоғары қарай