Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Алматы Орталық Азия елдерінен волонтерларды қабылдауға дайын

2019 жылдың 22 тамыз 2019 17:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы Орталық Азия елдерінің барлық еріктілерін қабылдауға дайын. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, Алматыда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша жарияланған Жастар жылының аясында «Орта лық Азия жастары» фестивалі ашылды. Ұйымдастырушылар – ҚР Тұңғыш Президент і қоры мен Алматы қаласының әкімдігі.

«Біздің қаламыз екі күн бойы 7 елдің 400-ге жуық дарынды жастары қатысатын алаңға айналады. Қатысушылар географиясын кеңейтуді және болашақта Ресей, Қытай, Корея мен Үндістанның және басқа да елдердің жастарын шақыруды әрі фестивальды жыл сайын өткізуді ұсындым», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды Еріктілер жылы деп жарияла ған болатын .

«2020 жылы Алматыда өңір елдері еріктілерінің Жастар форумын өткізуді ұсынамын», - дейді Алматы әкімі.

















Жоғары қарай