Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы полицейлері халыққа медициналық маскалар таратып жатыр

2020 жылдың 27 қазан 2020 14:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Алматы көшелерінде халыққа медициналық маскалар таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақшылары қалада азаматтар арасында қоғамдық орындардағы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтті.

«Жүргізіліп жатқан бұл науқанның мақсаты – азаматтарға карантиннің әлі аяқталмағанын және сақтық шараларын сақтау керектігін ескерту. Өкінішке орай кейбір азаматтар қоғамдық орындарда болған кезде жеке қорғаныстың негізгі қағидаларын ұстанбайды. Әр адамның қауіптің әлі сейілмегенін түсінуі өте маңызды, ал қорғаныс құралдары оның салдарларын азайтуға көмектеседі. Белгілі бір себептермен маскасыз жүрген азаматтарға біздің қызметкерлер маска таратып жатыр», – деді Алматы қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Қоғам, Алматы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай