Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы полицейлері жаңа мотокөлік алды

2021 жылдың 20 тамыз 2021 20:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері жаңа мотокөлік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Патрульдік полицияға және жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына 20 «КТМ» мотоциклдері берілді.

Олар көліктер көп кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кептелісті реттеуге және жол-көлік оқиғасы болған жерлерге жедел жетуге арналған.

Полицияда жеке құрамды алдын ала автокөлікті басқаруға үйреткенін атап өтті.

Бұл мотоциклдер, тәртіп сақшыларының пікірінше, мобильді болуға мүмкіндік береді, оқиға болған жерге жетуді тездетеді және шаһар жолдарындағы жағдайдың жақсаруына ықпал етеді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ, Көлік,
Жоғары қарай