Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы полициясы күшейтілген  режимге көшті

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 10:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасына байланысты полиция қызметі күшейтілген режимге көшкенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22-24 қыркүйек аралығында өтетін іс-шара жол-көлік оқиғасының алдын алуға және азайтуға, олардың салдарының ауырлығына бағытталған. Оның мақсаты – алдын алу жұмыстарын күшейту және жол пайдаланушылары арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын азайту. Бұл күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет етеді. Сондай-ақ, «Қауіпсіз жол» науқаны аясында жолаушылар мен жүктерді автокөліктермен тасымалдауды жүзеге асыруда жол қауіпсіздігін бақылауға ерекше назар аударылатын болады», - дейді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, бөлімшеде жауынгерлік қызметтің жеке құрамына жүктелген негізгі міндет- жол жүру ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу, жол ережелерінің талаптарын ескермейтін жүргізушілерді анықтау.

«Сондай-ақ, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Көбіне жол апатына тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі. Сондықтан мен тұрғындарға көшелерде қатаң белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдерінен және тек жасыл бағдаршамда өтіңіздер», - дегім келеді. Жүргізушілер өте мұқият болуы , жол ережесін бұзбауы және жылдамдықты сақтауы керек», - деді Жандос Мұраталиев.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Жол, Көлік, Алматы,
Жоғары қарай