Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы шетіндегі шағынауданда жаңа медициналық орталық ашылды

2020 жылдың 20 қазан 2020 12:39

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жақын жерде орналасқан қолжетімді медициналық нысандарды ашу туралы тапсырмасын орындау аясында Жетісу ауданының Көкмайса шағынауданында алғаш рет «Республикалық отбасылық-дәрігерлік орталық» медициналық пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді Көкмайса ықшамауданының тұрғындары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық, учаскелік дәрігердің, сондай-ақ невропатолог, гинеколог және басқа да мамандардың кеңесін ала алады.

Медпункт түрлі бейіндегі консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету үшін заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған. Медициналық пунктте ультрадыбыстық зерттеуден өтуге, қажетті талдауларды тапсыруға, емшара кабинетінің қызметтерін алуға болады.




Шағынаудан тұрғындары медициналық пункттің ашылуын көптен бері сұраған. Енді бұл мәселе шешілді.




«Бүгінде Жетісу ауданының Көкмайса шағынауданында 10 мыңнан астам адам тұрады. Негізгі медициналық қызметтерді алу үшін олар автобуспен ең жақын емханаға баруға мәжбүр болды, бұл әсіресе аға буын өкілдеріне кейде ыңғайсыздық тудырды. Бірақ қазір бұл мәселе шешілді, өйткені республикалық отбасылық-дәрігерлік орталықтың медициналық пункті ашылды. Олар өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, медпункті ең қажетті жабдықтармен жабдықтады. Медпункттің ашылуы шағынаудан тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты оқиға. Қолжетімді жерде орналасқан медициналық нысандарды ашу бойынша осы жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», — деді Жетісу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дамир Әкежанов.





Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Медицина, Алматы,
Жоғары қарай