Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы Smart Cities Moscow халықаралық онлайн форумына қатысты

2021 жылдың 26 мамыр 2021 21:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 25 мамыр күні Мәскеуде екі күндік онлайн форум басталды, оған әлемнің 20 елінен ақылды қалалар саласындағы мамандар қатысып жатыр. Олардың қатарында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен цифрландыру басқармасының өкілдері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаевтың айтуынша, форум барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің қатысуымен сессия өтті.

«Сессия жұмысына Бейжің қаласының мэрі Ч. Цзинин, Форт-Лодердейл мэрі Д. Транталис, қалалық деректер жөніндегі дүниежүзілік кеңестің президенті П. Маккарни, БҰҰ бөлімшелері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Постковид кезеңінде қалаларда цифрландырудың рөлі, қалалар үшін қолданбалы шешімдерді дамыту туралы мәселелер талқыланды», - деді Баян Қоңырбаев.

Сонымен қатар, ол Алматы әкімі қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты жедел шешімдер қабылдауға тура келген коронавирус пандемиясы басталған кезеңде іске асырылған цифрлық жобаларды ауқымдандыру тәжірибесі туралы айтып бергенін тілге тиек етті.

«Алматы цифрландыру басқармасының өкілдері форумның пленарлық сессиясына Сингапурден, Еуроодақ елдерінен, Азияның басқа да бірқатар қалаларынан келген мамандармен бірге қатысты»,- дейді ол.

Халықаралық онлайн форумның арқасында цифрлық технологияларды дамыту саласындағы қазақстандық мамандар Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріндегі әріптестерінің шетелдік тәжірибелерін жақсы зерделей алды.


Жоғары қарай