Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тауларында адасып кеткен 4 турист құтқарылды

2021 жылдың 3 наурыз 2021 17:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында адасып кеткен төрт турист құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық құтқару қызметіне 2 наурыз күні сағат 17: 30-да ТЖД жедел кезекшісі, «Көкжайлау» шатқалында 4 адам жоғалып кетті деген ақпарат берді.

Оқиға орнына Алматы қаласы құтқару қызметінен құрамында 8 адам, іздеу итімен бірге 1 кинолог және республикалық жедел құтқару жасағынан 15 құтқарушы, іздестіру итімен бір кинолог жұмылдырылады.

Құтқару жұмысы аясында ұялы байланыс операторларының қол жетімді аймағында болған сәтте туристер байланысқа шығып, бәрі жақсы екенін және көлбеу бағытта жүретін жол тапқанын айтады.

«Алайда тәуліктің қараңғы уақыты мен соқпақ бойымен қиын қар мен мұздың түсуі, туристердің жарақат алуына әкелуі мүмкін екенін ескере отырып, құтқарушылар 4 адамнан тұратын, 109 қызметінің бір тобын кездесуге жіберіп, оларды қауіпсіз жерге шығарып салуға шешім қабылданады. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 2050 метр биіктікте «Просвещенец» шипажайы аймағында адасқандармен кездесіп, барлығының денсаулығын бағалап, оларды бұлақ жанында күтіп тұрған көлікке дейін шығарып салды» делінген Алматы қалалық құтқару қызметі таратқан хабарламада.

Алматы қаласының құтқарушылары қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына тауда қауіпсіздіктің техникасын әрдайым сақтауды ескертіп, тауға көтеріліп, кері түсетін уақытты алдын ала жоспарлауын сұрайды.


Жоғары қарай