Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы трагедиясы: Тәртіпсіздікке қатысқан қылмыстық топ Түркістан облысында ұсталды

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 20:32

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан, бар қылмыстық топ Түркістан облысында ұсталды, олардан қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, ондағы жағдайды жеке ұялы телефондарына түсірген 3 жас жігіт Түркістан облысындағы блок бекеттерден өту кезінде ұсталды.
Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазығұрт аудандық ПБ қызметкерлері Алматы-Термез-Ташкент тас жолындағы Ақтас блок бекетінде «Тойота» маркалы автокөлікте болған Сарыағаш және Келес аудандарының 3 тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тауып, тәркіледі. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді.
Күдіктілердің барлығы қамауға алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.


Жоғары қарай