Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы трагедиясы: Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам хабар-ошарсыз кеткен

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 10:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылңы 4 қаңтардан кейін Алматы қаласында 22 адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың жоғалғаны туралы полицияға хабарланған. Соның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның жүрген жері анықталуда. Барлық оқиғалар бойынша іс қозғалып, жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде.

Қалалық полиция департаментінен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аудандардың немесе сол адамды соңғы рет көрген аудандардың ішкі істер бөлімдеріне жүгінуге кеңес берді.


Жоғары қарай