Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

«Алматы жастары 3.0» жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады

2020 жылдың 19 ақпан 2020 11:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «Алматы жастары 3.0» деген жаңа бағдарлама әзірледік. Бұл тұрғын үй бағдарламасының бірегейлігі оның төмен пайыздық мөлшерлемесінде. 13 миллион теңгеге дейінгі несие жылдық 5 пайыздық жеңілдікпен беріледі», - деді Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде.

Бағдарлама бойынша несиені өтеу мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейін, төлем қабілеттілігіне қарай есептеледі. Бастапқы төлем - 10%.

Әкімдік бұл бағдарламаға 10 миллиард теңге бөлді. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 3 миллиард теңге қарастырып отыр. Қатысушылар бастапқы және екінші деңгейлі тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер сатып ала алады.

Қала әкімінің айтуынша, бағдарламаның мақсаты – бюджет саласындағы жас қызметкерлерге қолдау көрсету (35 жасқа дейін). Бұл мұғалімдер, дәрігерлер, университет оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар.

Жалпы, Алматыда 8,4 мың көппәтерлі тұрғын үй қоры бар. Бұл елдегі ең үлкен тұрғын үй қоры болып саналады. Тұрғын үйге деген сұраныс жыл сайын өсуде. Бүгінде 25 533 азамат баспана кезегінде тұр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мың адамға көп.

Былтыр 3162 адам баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 520 көпбалалы отбасы мен 114 балалар үйінің түлектері бар. Сонымен қатар, 2019 жылы 1050 жұмыс істейтін жастар жалдамалы пәтер кілттерін алды.

Биыл 2020 жылы 3 810 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Олардың ішінде 1300–ден астам пәтер «Бакытты отбасы» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы сатылатын болады.

Халықты баспанамен қамтамасыз ету - әкімдіктің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, Алматыдағы ескі үйлер мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні апатты 81 үйді бұзу және 700-ге жуық отбасына жаңа баспана беру туралы келісімдерге қол қойылды.


Жоғары қарай