Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы жылыту маусымына дайын

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 16:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы жылу кешені күз-қыс маусымына толық дайын. Бұл туралы қалалық «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

83 қазандықтың барлығында 100% күрделі жөндеу жасалған. Атап айтқанда, 4 нысанның су жылыту қазандығы, 19 сорғыш пен 4 түтін сорғыш ауыстырылды.

Әсіресе, қаланың оңтүстігін жылумен қамтитын бу қазандықтары күрделі жөндеуден өтті. 12 жаңа жану құрылғысы, 3 мұржа, 4 табиғи газ реттеуіші орнатылды.

Орбита қазандығы жанында 2 айда 100 метр құбыр өнделді. Енді халыққа тазартылған ыстық су жеткізіледі.

Қазір алматылықтар тұтынатын жылу энергиясының үштен бір бөлігі осы 83 қазандықта өндіріледі.

«Жүргізілген жұмыстар қалалық жылу қазандықтарының үздіксіз әрі сапалы жұмысын қамтамасыз етеді деп сенеміз», - дейді «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС бас директоры Айдар Беркімбаев.

Оның айтуынша, модернизация жұмыстары кәсіпорын қаражаты есебінен жүргізілген.

Айта кету керек, пандемия кезінде алматылықтардың коммуналдық қызметке қарызы 4,5 млрд теңгеден асты.

Мұның алдында қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының бұрынғы басшысы Әсет Масабаев қалалық кәсіпорындар жылыту маусымына 88 пайыз дайын екендігін айтқан болатын.


Жоғары қарай