Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы зообағында екі қонжық дүниеге келді

2021 жылдың 15 сәуір 2021 14:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді. Зообақ қонжықтар есіміне байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің зообағымызда жақында тянь-шаньдық қонжықтар өмірге келді. Енді біз осы жаңа туған екі қонжыққа лайықты ат қоюға байқау жариялаймыз. Ұсыныс-пікірлеріңізді бөліссеңіздер болады», – делінген хабарлама

Тянь-Шань қоңыр аюы – Памир, Тянь-Шань және Гималай тауларында тұратын қоңыр аюдың оқшауланған аз түрі. Ол салыстырмалы түрде кішкентай: дене ұзындығы 140 см-ге дейін, салмағы 300 кг-ға дейін жетеді.

Ол жерлерде 200 және 300-дей аю тіршілік етеді.








Фото: Михаил Сорокоумов
Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай