Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда 10 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

2020 жылдың 4 маусым 2020 16:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 27 мыңнан астам адам жүгінген. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтты.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының арқасында Алматыда 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны пайда болды. Жоспар бойынша біз 26 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашамыз. Бұл - негізінен құрылыс саласының мамандары. Бізде кафель жабыстыратын, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға сұраныс жоғары. Олардың орташа жалақысы - 80-120 мың теңге аралығында»,– дейді Данияр Әлкебайұлы .

Сонымен қатар, ол қалада «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыс берушілер уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырады. Ол үшін бюджеттен қаражат қарастырылған. Бұл - қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы. Қоғамдық жұмысқа қатысатын адамдардың еңбегіне ақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыс берушілер ұсынған мәліметтер негізінде жүргізеді. Ең төменгі жалақы - 85 000 теңге. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік оқу бар. Ол жерде 9-11 сыныпты бітірген түлектер, жоғары оқу орнына түсе алмаған жастар білім ала алады. Ол бойынша биыл 2 500 адамды қамтамасыз етеміз. Қазір құжат қабылдау жүріп жатыр»,-дейді ол.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, қалада 700 мыңнан астам адам кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді.Төтенше жағдай кезінде 80-ге жуық кәсіпорының жұмысы тоқтады.

«Жұмыспен қамту жол картасы» және «Еңбек» бағдарламасы аясында қаламыздағы кәсіпкерлерге көмек қарастырылып отыр. Әлеуметтік жұмыс, жастар тәжірибесі бойынша кәсіпкерлеріміз өзіне қажетті мамандықтарды иегіп жатыр. Сондай-ақ, «Атамекен» қолдау орталығы» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Мақсат – жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру. Әр менеджер күніне 5 бос жұмыс орнын мәліметтер базасына және жұмыссыздармен жұмыс бөліміне қосады. Сонымен, бүгінгі таңда Алматыдағы бос жұмыс орындарының мәліметтер базасында 107 мамандық бар, 1908 адам жіберілді» -дейді Н.Әбілшайықов.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Жұмыспен қамту, Алматы,
Жоғары қарай