Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 10 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 11:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 1571 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 желтоқсан күні 1571 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 894, II компонентін – 677 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 1желтоқсан аралығында қалада 1 025 406 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 981 458 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 304 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 14568 адам салдырды. Оның ішінде 880 жүкті әйел, 3036 бала емізетін ана және 10 652 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.



Жоғары қарай