Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 09:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 25 сәуір күні Алматы уақытымен 03 сағат 56 минут 34 секундта және 06 сағат 55 минут 25 секундта екі жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 130 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,5, магнитудасы – 4,5. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балдық деңгейде сезілген.

Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 426 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2, магнитудасы – 4,9. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

Сезілуі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.


Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: Алматы, Жер сілкінісі,
Жоғары қарай