Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 2 мыңға жуық жедел жәрдем қызметкері төлемақы алды

2020 жылдың 21 шілде 2020 23:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда індетпен күресіп жатқан 2 мыңға жуық жедел жәрдем қызметкері төлемақы алды. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында Алматы қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Біржан Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 ай ішінде наурыздан маусымға дейінгі аралықта 2,222 млрд теңге көлемінде төлем төленді. Дәрігерлер мен фельдшерлер – бірінші санат бойынша, жүргізушілер екінші санат бойынша үстемеақы алды», - деді Біржан Оспанов.

Жедел жәрдем стансасының 185 дәрігеріне, 1184 фельдшеріне, 822 жүргізушіге төлем төленді.

«Қала әкімдігі жедел жәрдем қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтуға аса мән беріп отыр. Қолғап, маска, басқа да қорғаныс құралдары жеткілікті дәрежеде», - деді Б.Оспанов.


Жоғары қарай