Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 21 жастағы жігіт ғашығы үшін шатырдан секірмек болды

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 12:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дүкен шатырына шығып, секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 жастағы жігіт төбеден секіремін деп қорқытқан. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады.


Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Райымбек пен Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы дүкендердің бірінде болған.

«21 жастағы жігіт дүкен төбесіне шығып, секіруге оқталған. Алайда, құтқарушылар қайғылы жағдайды алдын алды. Жас жігіт осы дүкенде жұмыс істейтін ғашығының назарын аударғысы келген», - деді баспасөз қызметінен.

Бұл дерек ҚР ҚК 105- бабымен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Видео, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай