Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 34 бала коронавирустан стационарда емделуде

2021 жылдың 10 маусым 2021 11:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 894 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 126 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 114, симптомсыз 12 науқас тіркелді.

Инфекциялық стационарларда 894 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2 530 ), оның ішінде 34 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 77 адам жатыр. Ал 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 20 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 33 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 218 пациент бар, оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 970 науқас. 212 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Жоғары қарай