Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 5 автобустың терезесін сындырған оқушылардың ата-анасы жауапқа тартылды

2021 жылдың 15 қараша 2021 22:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус терезелерін сындырған жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, автопарк басшысы Алатау ауданының полиция басқармасына арызбен жүгінген.

Оның айтуынша, бір ай ішінде белгісіз біреулер №25-ші бағыттағы бес қоғамдық көліктің терезелерін сындырған.

«Тексеру іс-шаралары барысында бұзақылар анықталды. Олар қала мектептерінің бірінің 7-9-сынып оқушылары болып шықты. Біздің ауданда тұрады. Олардың ата-анасы балаларының заңсыз әрекеттері үшін ҚР ӘҚбК-нің 435 бабы - кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Бұл баптың санкциясы 7 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады», - дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, жасөспірімдер ювеналды полицияның есебіне қойылды. Балалармен және олардың ата-аналарымен түсіндірме әңгіме жүргізілді.

«Мені Алатау ауданының полиция бөліміне шақырды. Біздің автобустардың әйнегін сындырған бұзақылар ұсталды. Полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді», - деп нақтылады өз кезегінде автопарк компаниясының өкілі.

Бұған дейін Терезесі шағылған автобустың видеосы мен суреті әлеуметік желіде пайда болды.


Жоғары қарай