Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алматыда 50-ден астам көлікті ағаш басып қалды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 16:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Кеше Алматы қаласында қалың қардың салдарынан 200-ге жуық бұтақ пен ағаш құлады. Салдарынан 50-ден астамы жеке көлікке зақым келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық құтқару қызметінің хабарлауынша, «109» қызметінің құтқарушылары мен аудандық әкімдік қызметкерлері құлаған ағаштарды тазалау үшін аталған жерлерге барады.

«Көптеген жағдайда құтқарушылар құлаған ағашты алыптастау үшін үшін арнайы құралды, гидравликалық жүк көтергіш кранды қолданды. «109» қызметіне келіп түскен қоңыраулар тез арада өз шешімін тапты»,- деп хабарлайды құтқару қызметі.

Сонымен қатар, құтқару қызметі тұрғындарды қалың қар немесе нөсер жаңбыр кезінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.




«Коммуналдық және қалалық қызметтер қабылдаған шұғыл шараларға қарамастан, мегаполистің кейбір аудандарында ағаштардың құлауы мүмкін. Жарақат мен ауыр зардаптардың алдын алу үшін, ағаштар мен көпқабатты үйлердің қасында жүрмеуге кеңес береміз. Сондай-ақ, көліктеріңізді қар басып қалған ағаштың түбіне қоймаңыз»,- деп толықтырды қалалық құтқару қызметі.





Жоғары қарай