Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 53 сынама «омикрон» штамы бойынша тексеріліп жатыр

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 19:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте «омикрон» штамы қашан пайда болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сұраққа, әрине, жауап беру мүмкін емес. Келетіні анық. Бірақ, қай уақытта екенін білмейміз. Біз дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған деректерді ғана пайдаланамыз. «Омикронды» болжайтын ресми деректер жоқ», - деді ол.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінде қала бойынша омикрон штамына мониторинг жүргізіп жатыр.
«Мысалы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға 53 сынама жібердік. Ондағы мақсатымыз - сол сынамаларда омикрон штамы бар-жоғын анықтау. Нәтижесі екі-үш күнде дайын болуы керек. Сондықтан омикрон біздің елімізде анықталғанын немесе анықталмағанын айту ерте. 3 желтоқсаннан бері зерттеуде тұр», - дейді қаланың бас санитар дәрігері.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Коронавирус,
Жоғары қарай