Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 23:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мониторинг топтарының жұмысы күшейтілді: екі тәулік ішінде 58 кәсіпкерлік нысанында карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін мониторинг топтары кәсіпкерлік нысандары бойынша карантиндік режим талаптарының бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қолданыстағы шаралардың қажеттілігін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылғы 22-24 қаңтар аралығында аудандарды аралап шықты.

Мониторинг барысында 370 нысан тексерілді. 58 нысаннан тәртіпбұзушылық анықталды.

Барлық материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін берілді. Шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды жауапқа тарту және сотқа беріп, іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыларға жауапкершілік ретінде ұйымның қызметін тоқтатуға дейін қарастырылған.

Жоғары қарай