Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 6 зауыт салынады

2021 жылдың 5 қараша 2021 14:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік, инженерлік, жол-көлік инфрақұрылымының белсенді дамуының арқасында жаңа шағынаудандар тартымды бола бастады. Бұл туралы «Жаңа Алматыны» дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыруға арналған дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сараптамалық талқылау барысында қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов шет елдерде бизнесті дамыту «Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспарының бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Алты зауыт пен алты сауда үйінің құрылысы қарастырылған. Барлық нысандар бойынша жақсы динамика байқалады, бұл нысандар мерзімінде тапсырылады. Осылайша, алты өнеркәсіптік кәсіпорынның бесеуі іске қосылды», - деді Алмас Батанов.

«Жаңа Алматыны» дамыту кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында өткен жылы құны 28 млрд теңге болатын автокөлік құралдарын шығаратын зауыт іске қосылды.

Сондай-ақ металл өңдеу және жылжымалы қоршау конструкциялары мен автоматты қақпаларды өндіретін кәсіпорын пайдалануға берілді.

Қағаз сүлгілер мен майлықтар шығаратын жаңа цехтың құрылысы да аяқталды.

Сонымен қатар, Алмас Батанов сүт зауытын жаңғырту аясында өнім ассортиментін кеңейту және тұздықтар, майонездер мен кетчуптер өндіру, өсімдік майын құю бойынша кешен салу үшін қосымша жабдық сатып алынғанын жеткізді.

Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан 30 мың тоннаға дейін артады.

Жыл соңына дейін медициналық мақсаттағы диагностикалық тестілерді өндіру зауытын іске қосу көзделген.

Қазіргі кезде іске қосу-жөндеу жұмыстары, электр жеткізу, жабдықты орнату жүргізілуде.

Қаланың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту бизнеске тиісті инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскелері берілетін Индустриялық аймақты дамытумен тығыз байланысты.


Жоғары қарай