Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда 600-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болды

2020 жылдың 10 қаңтар 2020 15:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2019 жылы Алматыда 661 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы 661 көпбалалы отбасына баспана берілді. Оның ішінде 10 пәтер демеушілік қаражат есебінен алынды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға 284 пәтер сатып алынды», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» және «ISKER ANA» орталықтарындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы биыл да жалғасады. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 500-ден астам көпбалалы жанұя баспанамен қамтамасыз етіледі.

«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығына 5692 отбасы келді. Әлеуметтік мұғалімдер 3686 балаға қызмет көрсетті. 776 адам заңгердің, 3766 әлеуметтік қызметкердің, 1166 медицина маманының, 567 психологтың қызметтерін пайдаланды. Бассейн мен фитнес-залға бару үшін 1298 көбалалы анаға сертификат берілді», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

2019 жылдың тамыз айынан бастап қаланың барлық 8 ауданында «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істеп жатыр. Онда 13 474 адам «ISKER ANA» базалық тренингтерінен өтті, 6 900 оқушы оқу курстарына қатысты.


Жоғары қарай