Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 7 күннен кейін карантин шаралары жеңілдеуі мүмкін

2021 жылдың 15 қараша 2021 17:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақта тұр. Бір аптадан кейін мегаполисте карантин шаралары жеңілдеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кала жеті күн бойы «жасыл» аймақта болса, 21 қарашадан бастап Алматыда «жасыл» аймаққа сай карантин шаралары жеңілдейді»,- деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, «жасыл» аймақта Ashyq нысандарының жұмыс уақыты екі сағатқа артады. «Ashyq көшбасшылары» 05.00-ге дейін, жобаның басқа мүшелері 03.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, Ashyq нысандарына келушілер саны артады.

Түрлі іс-шараларды өткізу ережелері де өзгереді. Келушілер мен қызметкерлерде «жасыл» мәртебе болған кездегі талаптар:

- салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу - толымдық 50 пайызға дейін, бірақ 100 орыннан аспауы қажет;

- адам көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шаралар өткізу - толымдық 50 пайызға дейін, бірақ 100 орыннан аспауы қажет;

- көрмелер - толымдық бір уақытта 70 пайыздан ( 500 адамнан артық емес) аспауы шарт;

- көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шаралар - толымдық 80 пайыздан аспауы тиіс.

Еске салайық, 15 қарашада Алматы коронавирус жағдайы бойынша «жасыл» аймаққа өтті.


Жоғары қарай