Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда 7 мың адамға арналған мешіт бой көтереді

2020 жылдың 5 маусым 2020 12:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылысы енді басталған мешіт бір мезетте 7 мың келушіні қабылдай алады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Іnstagram –дағы парақшасында жазды. s

«Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтереді. Мешіт бір мезгілде жеті мың мұсылманды қабылдай алады. Қаладағы ең үлкен діни ғимарат ағарту һәм рухани жер ғана емес, мегаполистің архитектуралық маржандары арасында да лайықты орынға ие болады», - деп жазды Алматы әкімі.

Мешіт 2021 жылы пайдалануға беріледі.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әкім, Құрылыс, Дін, Алматы,
Жоғары қарай