Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 70 полицей қызмет барысында қаза тапқан – оларға ескерткіш орнатылды

2021 жылдың 30 тамыз 2021 14:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов аудандық полиция басқармасында орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер, полиция қызметкерлері, сондай-ақ, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың әйелі қатысты.







«Тәуелсіздік жылдарында Алматы полициясының 70 қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты, олардың 32-сі қылмыспен бітіспес күресте. Бесеуі Әуезов аудандық Полиция басқармасында қызмет етті. Олардың адалдығы мен ерлігі тарихта қалады, барлық уақытта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде үлгілі қызмет көрсетудің үлгісі болады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалады. Батырлардың есімдері біздің жүрегімізде және жадымызда мәңгі сақталады», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, департамент басшысы ерлікпен қаза тапқан тағы бір полицейдің отбасына барды. Полиция қызметкері Мақсат Дабылов 2011 жылдың қарашасында қылмыскерлер-деструктивті діни ағым ұстанушыларының заңсыз әрекеттерін тоқтату кезінде қаза тапты.






Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ, Қоғам,
Жоғары қарай