Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Алматыда 90 адам коронавирус жұқтырған

2020 жылдың 2 сәуір 2020 12:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда 90 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескергенде 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. Барлық байланыста болған адамдар табылып, оқшауланды. Кеше Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Жалпы Алматыда 11 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам болса, оның ішінде 81-і — бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала. Үй карантинінде 3853 азамат бар», - деді Тілеухан Әбілдаев.


Жоғары қарай