Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Алматыда 911 қызметтің баламасы пайда болады

2020 жылдың 20 ақпан 2020 13:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 911 қызметіне ұқсас бірыңғай кезекшілік – диспетчерлік қызмет құру көзделіп отыр. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығының басшысы Андрей Квашнин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір әкімдікпен 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметін құру мәселесі пысықталуда. 2020 жылдың аяғында осы қызметтің бірінші кезеңін іске асыру басталады, онда барлық кезекші қызметтер: 101, 102, 103, 109, 112 шығарылады. Оны Алматы қаласы әкімдігінің «112» қызметі қадағалайтын болады»,- деді полковник Квашнин.

Андрей Квашнинің айтуынша, 102 операторы күніне 150 хабарлама қабылдайды. Қоңыраулардың басым бөлігі сағат 15.00 мен 21.00 аралығында түседі. Оқиға орнына полиция жасағын жіберу үшін деректерді жазу туралы әңгіме небәрі екі минут алады. Яғни б ірыңғай кезекшілік -диспетчерлік қызмет уақытты үнемдеуге көмектеседі.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай