Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыда  97 жастағы  зейнеткерден  коронавирус анықталды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 19:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 23 жағдайы анықталды, оның барлығы індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олардың ішінде 17 әйел, 5 ер адам және 6 жасар бала бар. Жаңадан анықталғандардың арасында 97 жастағы зейнеткер әже де бар»,– деп хабарлайды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні жұқпалы аурулар стационарларында 717 адам бар. Науқастардың жай-күйі әзірге өзгеріссіз, бір адамда – өте ауыр, 23 адамда – ауыр, 200 адамда – орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.

Жалпы, 25 сәуірге Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 814 жағдайы тіркелді.


Жоғары қарай