Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда Абай даңғылы уақытша жабылады

2022 жылдың 14 мамыр 2022 13:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 мамыр сағат 22:00-ден 15 мамыр сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Алтынсарин көшесінен Саин көшесіне дейінгі бөлігінің оңтүстік бетінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

«Аталған бөліктің, яғни Абай даңғылының Алтынсарин көшесінен Саин көшесіне дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде де жол жөндеу жұмыстары жүреді. 15 мамыр сағат 22:00-ден 16 мамыр сағат 06:00-ге дейін жол уақытша жабылады. Бұл шара орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған», - деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мамандар қала тұрғындарына жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, екі жігіт Алматы зообағындағы жолбарысты ызаландырды.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Жол, Алматы,
Жоғары қарай