Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Алматыда Абай мұражайының көрмесі ашылды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 13:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен унверситет қабырғасында Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі Абай залына қойылды. Онда Хакім Абайдың шығармашылығы, өскен ортасы, өмір сүрген заманы туралы мәліметтер мен ұлы ақын өмірінен сыр шертетін аса бағалы ақпараттар бар.






Сонымен қатар, көрермендер назарына 1885 жылы Тарихи өлкетану музейіне Абай Құнанбайұлының өз қолымен табыстаған аса құнды жәдігерлері ұсынылды. Абай музейінің қорындағы ақынның түпнұсқа екі фотосуретін, архивтік құжаттар мен қолжазбаларын тамашалауға болады.













«Бүгінгі таңда музейдің негізгі қорында 11 мыңнан аса экспонат бар. Солардың арасында Абайдың бейнесі бар екі фотосурет, П.Д.Лобановскийдің ақынның көзі тірісінде қарындашпен салған портреті, Абайдың 1896 жылы ұлы Мағауияға жазған хаты, 1885 жылы Н.И.Долгополов арқылы Семейдегі өлкетану музейіне тапсырған заттар, Мәскеу, Ленинград, Омбы, Том, Қазан қалаларының және Қазақстан мұрағаттарынан табылған Абайдың өмірі, атқарған қызметі, туыстары мен замандастарына қатысты архив деректері, Абай оқыған медресенің араб, түрік, шағатай тілдеріндегі кітаптары музейдің баға жетпес құнды дүниесі», - дейді Абайдың «Жидебай– Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми хатшысы Раушан Елекенова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің басты мақсаты – Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастарға кеңінен насихаттау.

















Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: #Аbai175, Өнер, Мәдениет, Алматы,
Жоғары қарай