Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыда адалдыққа шақыратын мурал пайда болды

2020 жылдың 1 маусым 2020 12:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алматы – Адалдық алаңы» жобасы аясында әл-Фараби даңғылында «Өз еліңді бұзба» атты үлкен сурет салынып бітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алып картина Меңдіқұлов пен Достық көшелерінің арасында Әл-фараби даңғылында орналасқан үйлердің бірінің қабырғасына салынды. Суретте пара алған қызметкердің ұсталып жатқаны бейнеленген.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, бұл туынды халық арасында адалдық, әділдік қасиеттерді насихаттауға бағытталған.

«Халық арасында адал әрі әділ ұрпақ тәрбиелеу, халықпен осы бағытта кері байланыс орнату маңызды. Азаматтардың үніне құлақ асып, олардың мұң-мұқтажын тыңдау білуіміз керек», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Алик Шпекбаев ашылу салтанатында.

«Мұндай мәдени нысандар халық санасын өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға серпін береді», - деді қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Нығмеджан Сапаров.

Жоба авторлары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте еліміздің әр азаматының қосар үлесі мол екенін айтты.


Жоғары қарай