Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматыда адамдарды көлігімен қаққан күдіктінің бірі екі айға қамалды

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 17:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда адамдарды көлігімен қаққан екінші күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1995 жылы туған күдіктіге 16 қыркүйекте іздеу жарияланған кезде қамауға алуға санкция берілді. Сот оны екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады. 18 қыркүйекте сот санкцияны орынды деп тапты. Күдікті 16 қарашаға дейін қамауда болады. Одан кейін, санкция ұзартылады немесе іс сотқа жіберіледі», - делінген қалалық сот таратқан хабарламада.

Естеріңізге салайық, оқиға 26 тамыз күні, тағы сағат 4-тер шамасында болған. Әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы жарияланды. Кейін Алматы полициясы көлікпен адамдарды қасақана қағу оқиғасына қатысты толық ақпаратты таратты.

Сол күні, дәрігерлер көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты.

Тәртіп сақшылары адамдарды қаққан көліктерді тауып, арнайы автотұраққа жеткізді.

Күдіктілер ағайындылар екені анықталды. Аналары балаларының мұндай қадамға өздерін қорғау үшін барғанын алға тартты. Кейін, желіде куәгерлер түсірген тағы бір видео пайда болды. 16 қыркүйек күні іздеуде болған екінші күдікті ұсталды.


Жоғары қарай