Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда адасып кеткен 3 жасар бала табылды

2020 жылдың 15 шілде 2020 18:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері көшеде қараусыз жүрген 3 жасар баланы ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тастақ-2» шағын ауданындағы дүкендердің бірінің алдында 3 жастағы бала адасып жүргені туралы жергілікті тұрғындар айтқан.

Оқиға орнына «Боран-051» экипажы бет алған.

«Әйел адам 3 жастағы баланы бізге табыстады. Бала Темірбек деген атын ғана біледі екен. Алайда полицияға жақын арада ешқандай бала жоғалғаны туралы хабарлама түспеген», - деді қалалық Полиция департаментінің бас инспекторы Серікқали Қызайбаев.

Полиция қызметкерлері баланың жақын арада тұратынын пайымдаған.

Баланы көлікке отырғызып алып Циолковский көшесімен түсіп келе жатқанда бала көшеде жүрген 5 жастағы ағасын танып қойған.

«Үйде балалардың 10 жастағы әпкелері болған. Ол ұлдарды далаға ойнауға жіберген. Баланың ата-анасы бұл уақытта жұмыста болған. Сондықтан, баланы көрші әйелге қалдырып кеттік», - деді С.Қызайбаев.

Бұл оқиға туралы видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланған.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай