Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда «АДК» сауда үйінен адамдар шұғыл эвакуациялануда

2020 жылдың 1 шілде 2020 17:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «ADK» сауда, ойын-сауық орталығынан келушілер мен қызметкерлер шұғыл эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, сауда орнына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.

Эвакуация видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

«Қазір ғана сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қаладағы барлық шұғыл қызметтер жұмылдырылды. Келушілер мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды. Патрульдік полиция көліктерді қауіпсіз жерге ауыстырып жатыр», - деді полициядан.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Аймақ,
Жоғары қарай