Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Алматыда ағаш бұтағы сынып, бір адам зардап шекті

2020 жылдың 16 ақпан 2020 21:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көліктерін ағаштардың астына қоймауға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ТЖД мен 109 құтқару қызметіне бұтақтар мен ағаштардың құлағаны туралы 115 хабарлама түсті. Құлаған 93 ағаштың 42-сі көліктерді басып қалған. Сондай-ақ сынған бұтақ бойынша 22 жағдай тіркелді.

«Каменка ықшамауданында 1994 жылы туған ер адамды ағаш бұтағы басып қалды. Ағаш қалың жауаған қарды көтере алмай сынып кеткен. Зардап шеккен алматылықты жедел жәрдем тобы №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Ер адамды аурухана дәрігерлері қарап, алғашқы көмек көрсеткеннен кейін оны үйіне жіберді.Келіп түскен барлық қоңырауларды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, 109 құтқару қызметі және аудан әкімдіктері дереу қарастыруды қолға алған», - деп хабарлайды қалалық ТЖД.

Алматы қаласының ТЖД автокөлік иелерін көліктерін ағаштардың астына қоймауға және қала тұрғындары мен қонақтарын иіліп тұрған ағаш бұтақтарын айналып өтіп, абай болуға шақырады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Ауа райы,
Жоғары қарай