Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда әл-Фараби даңғылының бойында бір үйір жылқы жайылып жүр

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 14:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы әл-Фараби даңғылының бойында жайылып жүрген бір үйір жылқының иелерін тауып, оларға айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әл-Фараби даңғылының бойындағы президенттік саябақтың маңында жайлып жүрген жылқылардың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Полиция департаменті жылқылардың әл-Фараби даңғылында жайылып жүргені туралы ақпарат расталғанын хабарлады.

«Аталған мекенжайға Бостандық ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аттанды. Тәртіп сақшылары жануарлардың (жылқылардың) иесін анықтады. Оларға қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасының 408 -бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Айыппұл салынды. Сонымен қатар, профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Айта кетейік, жылқылардың иесі Алматының Наурызбай ауданында тұрады.



Жоғары қарай